АҚШ-та 20 жастағы баскетболшы матч кезінде алған жарақаттан қайтыс болды

АҚШ-та 20 жастағы баскетболшы Итан Диц матч кезінде алған жарақат салдарынан өмірден өтті. Бұл трагедияны Оклахомадағы Коннорс колледжінің өкілдері растады, деп хабарлайды dailykz РИА Спортқа сілтеме жасап.
Оқиға өткен сенбіде Ұлттық жастар колледждерінің спорттық ассоциациясы аясындағы матч кезінде болды – Диц жарақат алды. Колледж мамандары жарақаттың нақты жағдайын жариялаған жоқ.
Сейсенбі күні таңертең спортшы қайтыс болды – бұл оның алған жарақатының салдары екені анықталды.
Оқиғаның салдарынан 25 қарашадан 1 желтоқсанға дейін колледждің ерлер мен әйелдер баскетбол командасының матчтары өтпейтіні хабарланды. Сол күні колледжде баскетболшыны еске алу кеші ұйымдастырылады.
Қайтыс болған спортшы екінші курс студенті болған – ол колледждің баскетбол командасында форвард позициясында өнер көрсеткен.
Еске сала кетейік, 16 қазанда “Хан-Тәңірі” футбол клубының ойыншысы Диас Толеу қайтыс болған еді. Ол 19 жаста болған. Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) бұл оқиғаны растады.
Оқиға матч кезінде орын алған. Кейін белгілі болғандай, жедел жәрдем бригадасы Диаст төрт минут ішінде ауруханаға жеткізген, бірақ дәрігерлердің күшіне қарамастан, оны құтқаруға мүмкіндік болмады.




