Геннадий Головкин – соңғы 20 жылдың «ең көп айналып өтетін» боксшысы атанды

Қазақстандық Геннадий Головкин әлемдегі соңғы 20 жылда ең жиі айналып өтетін боксшылар рейтингінің көшін бастады. Boxingscene құрастырған топ-10 тізіміне екі қазақстандық спортшы еніп отыр, деп хабарлайды dailykz.
Рейтингке кірген екінші қазақстандық – Жәнібек Әлімханұлы. Қазіргі әлем чемпионы болса, тізімнің тоғызыншы сатысынан орын алған. Алдағы уақытта ол кубалық Эрисланди Ларамен жекпе-жек өткізіп, чемпиондық белдіктерді біріктіруді көздейді.
Тізімнің көшбасында аты аңызға айналған Геннадий Головкин тұр. Басылымның жазуынша, GGG титул қорғау жекпе-жектерін көп өткізгенімен, оның нокаут сериясы соншалықты әсерлі болғандықтан, ұйымдастырушылар көбіне тек міндетті жекпе-жектерді ғана өткізе алған. Яғни, Головкиннің шыңға шыққан кезеңінде оған қарсы танымал боксшыларды рингке шығару оңай болмаған.
Сарапшылар Головкиннің өз ең мықты жылдарында үлкен әрі даулы жекпе-жектерге қол жеткізуде қиындық көргенін атап өтті.
Айта кетейік, жақында GGG өзін әлі де кәсіби боксшы екенін және Қазақстанда қоштасу жекпе-жегін өткізуді армандайтынын мәлімдеген еді. Қазіргі таңда әйгілі боксшының жасы — 43-те.
Осылайша, Головкиннің әлемдік рингтегі беделі мен қарсыластарының одан қашқақтауы оны «ең көп айналып өтетін боксшы» атандырды.
