UFC турнирінде жаппай төбелес болды — Хабиб командасы мен МакГрегордың досы қақтығыстың ортасында қалды

UFC турнирінде жаппай төбелес болды — Нью-Йоркте өткен UFC 322 кешінде промоушн тарихындағы ең ірі жанжалдардың бірі орын алды, деп хабарлайды dailykz MMA Junkie басылымына сілтеме жасап.
Оқиға ортасында америкалық боец Диллон Дэнис пен Хабиб Нурмагомедовтің командасының мүшелері — Абубакар Нурмагомедов және Магомед Зайнуков болғаны айтылады.
Төбелес қалай басталды?
Басылымның мәліметінше, төбелес басталған сәтте кештің комментаторлары Джон Аник, Джо Роган және Дэниел Кормье жағдайға абдырамай, The Who тобының “Baba O’Riley” әні ойнап тұрған кезде болып жатқан оқиғаны тікелей эфирде баяндауды жалғастырған.
“Драка неден басталғаны белгісіз, алайда қауіпсіздік қызметі мен полиция өкілдерін қоса алғанда ондаған адам орталыққа тартылды,” – делінеді мақалада.
Конфликтіні тоқтатуға тырысқандар
UFC-дің бизнес жөніндегі директоры Хантер Кэмпбелл жағдайды тыныштандыруға тырысқанымен, ақыры қақтығысты күзет қызметі ажыратқан. Кейінгі баспасөз мәслихатында UFC президенті Дана Уайт орын алған жағдайға өкініш білдіріп, қауіпсіздік шараларының әлсірегенін мойындады.
Соған қарамастан, ешкімге ресми айып тағылмағанын айтты.
Диллон Дэнис — енді UFC шараларына кіре алмайды
Дана Уайт жанжалда ең белсенді қатысушылардың бірі болған Диллон Дэнистің әрекетін қатаң бағалап, оған UFC іс-шараларына өмір бойына кіруге тыйым салынғанын мәлімдеді:
“Оны енді ешқашан UFC аренасында көрмейсіздер.”
БАҚ еске салғандай, Диллон Дэнис — бұрынғы UFC чемпионы Конор Макгрегордың командасында болған, оның жақын досы және жаттығу серіктесі.
UFC 322 басты оқиғасы
Айта кетейік, UFC 322 кешінің басты жекпе-жегі Ислам Махачев пен жартылай орта салмақ чемпионы Джек Делла Маддалена арасындағы титулдық айқас болды. Ресейлік спортшы төрешілер шешімімен жеңіске жетіп, UFC чемпионы атанды.
UFC турнирінде жаппай төбелес болды — бұл оқиға UFC тарихындағы ең даулы сәттердің бірі ретінде есте қалады.




