Өте сирек: Песков Тоқаев пен Путиннің Кремль пәтеріндегі келіссөздерін айтты

Ресей Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Қазақстан және Ресей президенттерінің бейресми жағдайда өткізген келіссөздері туралы айтып берді, деп хабарлайды dailykz Адиль Балтабаевқа сілтеме жасап.
Песковтың сөзінше, Кремль пәтерінде келіссөздерді жалғастыру ұсынысы Владимир Путиннен өте сирек естілетін құбылыс. Қасым-Жомарт Тоқаевқа дейін бұл мүмкіндікті Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди және Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин пайдаланып көрген.
«Путин мен Тоқаев арасындағы достық әрі жылы қатынастар екі ел басшыларына ең маңызды мәселелерді ашық әрі бейресми жағдайда талқылауға мүмкіндік береді», — деді Ресей президентінің баспасөз хатшысы.
Еске салайық, Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге сапары 11 қарашада басталған болатын.
Сапардың бірінші күні Тоқаев Кремльде Владимир Путинмен кездесті. Кейін ресми кездесуден тыс, президенттер бейресми жағдайда әңгімелесіп, Ресей президенті Қазақстан басшысын шай ішуге шақырды. Келесі күні Кремльде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Федерациясы Президенті Владимир Путин арасындағы келіссөздер жалғасты. Екі ел басшыларының қатысуымен үкіметаралық және ведомствоаралық құжаттарға қол қойылып, олар алмасылды.
Кешкісін президенттер Мәскеудегі Ұлы театрда өткен Қазақстан өнер шеберлерінің гала-концертін тамашалап, екі ел өнерпаздарымен тілдесті.




