Қазақ жүзушілері Эр-Риядтағы Ислам ойындарында тағы екі медаль жеңіп алды

Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы Ислам ынтымақтастығы ойындарында Қазақстан құрамасы жүзуден тағы екі жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды dailykz тілшісі.
Адильбек Мусин – күміс жүлдегер
Қазақстандық жүзуші Адильбек Мусин 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзу бойынша күміс медаль иеленді. Спортшы қашықтықты 52,73 секундта бағындырған.
Бұл сайыста алтын медаль Өзбекстан құрамасының өкілі Эльдорбек Усмоновқа бұйырды – оның уақыты 52,59 секунд болды. Үздік үштікті Угандалық Джессе Сенгози (53,45 секунд) түйіндеді.
Эстафетада тағы бір жүлде
Сонымен қатар Қазақстан ерлер құрамасы 4х100 метр еркін жүзу эстафетасында екінші орынды иеленіп, тағы бір күміс медаль алды.
Команда құрамында Адильбек Мусин, Ғалымжан Балабек, Айбат Мырзамуратов, Глеб Коваленя және Даниил Черепанов өнер көрсетті.
Бұл қашықтықта алтынды Түркия құрамасы жеңіп алса, Өзбекстан жүзушілері үздік үштікті түйіндеді.
Бұған дейінгі жетістік
Еске сала кетейік, бұған дейін Софья Содаренко Ислам ынтымақтастығы ойындарында жүзуден екі дүркін чемпион атанған болатын.




