Қазақстандағы және көрші елдердегі бензин бағалары салыстырылды

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде бензин бағасы литріне 228-746 теңге аралығында өзгереді. Ең арзан отын – Қазақстанда, ал ең қымбаты – Арменияда сатылуда, деп хабарлайды dailykz.
Бұған дейін біз жазғанымыздай, әлемдік стандарттар бойынша Қазақстандағы бензин бағасы салыстырмалы түрде арзан болып саналады – ел 127 елдің рейтингісінде 5-орын алған еді.
Алайда автомобиль отынының бағасы жалпы өсуді жалғастырып отыр. Еуразиялық экономикалық комиссия деректеріне сәйкес, қыркүйек айының қорытындысы бойынша Қазақстандағы бензин бір айда 1%-ға, ал жылдық есепте 10,6%-ға қымбаттаған.
Ең қызығы, бағаның өсуіне қарамастан, Қазақстандағы бензин ЕАЭО-ға мүше басқа елдермен салыстырғанда әлі де арзан – орта есеппен литрі 228 теңге. Мысалы, көрші елдерде қыркүйекте бензиннің орташа бағасы былай болған:
- Армения – 746 теңге;
- Беларусь – 454 теңге;
- Қырғызстан – 443 теңге;
- Ресей – 416 теңге.
Дизель отыны бағасында да ұқсас жағдай байқалады. Қыркүйекте Қазақстандағы дизель бағасы бір айда 1,7%-ға төмендегенімен, жылдық есепте 9,5%-ға өскен. Орташа баға литріне 324 теңгені құрады.
ЕАЭО-ның басқа елдерінде дизель бағасы айтарлықтай жоғары болды:
- Армения – 741 теңге;
- Беларусь – 465 теңге;
- Қырғызстан – 481 теңге;
- Ресей – 476 теңге.
Осылайша, Қазақстан бензин мен дизель отыны бағасы бойынша әлі де ЕАЭО елдері арасында ең төменгі көрсеткішке ие.
Еске салсақ, қазан айында Қазақстанның ірі қалаларында танымал АИ-92 бензинінің бағасы тез өсіп кеткені хабарланған.
Соңғы ақпарат бойынша, Қазақстан жаңа ереже енгізіп, бензин мен дизельді, соның ішінде ЕАЭО елдеріне шығаруға тыйым салды.




