Бибисара Асаубаева ер адамдағы ең маңызды қасиеттерді атады » DailyKz
Новости Спорта

Бибисара Асаубаева ер адамдағы ең маңызды қасиеттерді атады

Қазақстандық шахматшы Бибисара Асаубаева Instagram парақшасында жазылушыларының сұрақтарына жауап берді. Солардың бірі ер адамдарға қатысты болды, деп хабарлайды dailykz. Титулды спортшыдан ер адамдағы ең маңызды қасиеттер қандай деп санайтыны сұралды.

Бибисара ең басты үш қасиетті атады.

«Адалдық, мейірімділік, сөзінде тұра білу. Шындығында, қасиеттер көп, бірақ мен үшін ең маңыздысы осы үш қасиет», – деп жазды шахматшы.

Айта кетейік, жазда Бибисара жігіттермен қарым-қатынасқа қатысты өз көзқарасын бөліскен еді. Ол жазылушыларының «кедей жігітті жақсы көре аласыз ба?» деген сұрағына жауап берді.

«Егер сіз «сүйіктіңмен шалшауда да бақыт» деген жауап күтіп отырсаңыз, бұл менің стилім емес. Мен сезімге сенемін, бірақ ақылмен келісім мен объективті бағалау міндетті», – деп атап өткен еді.

Естеріңізге салсақ, мамырда қазақстандық шахматшы Бибисара Асаубаева БАӘ-де өткен Sharjah Masters 2025 супертурнирінде үшінші гроссмейстерлік норманы орындады. Осылайша, ол Қазақстаннан шыққан екінші әйел-гроссмейстер атанды.

Related Articles

Back to top button