Қазақстанда дизель және бензин тапшылығы қаупі бар ма: Энергетика министрлігінің жауабы

Энергетика вице-министрі Санжар Жаркешов үкімет отырысында дизель отыны мен бензиннің жасанды тапшылығының туындау мүмкіндігіне қатысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды dailykz.
Журналистердің дерегінше, сарапшылар арзан отынның арқасында ауыл шаруашылығы, транспорт компаниялары және коммуналдық қызметтер жақын арада отынды алдын ала сатып ала бастауы мүмкін екенін ескертеді. Бұл нарықта жасанды тапшылық туындауы мүмкін деп саналады.
Алайда вице-министр Санжар Жаркешов мұндай қауіптің жоқ екенін айтты.
«Біз осындай жағдайды болжамаймыз, өйткені біздің қорымыз жеткілікті. Сұраныс пен ұсыныс тұрақты жағдайда. 400 мың тоннадан астам дизель отыны бар, сондықтан мұндай мәселе туындайды деп ойламаймын. Жалпы ДТ және АИ-92 бензині 741 мың тоннаны құрайды, сондықтан проблемаларды көріп отырған жоқпыз», – деді вице-министр.
Еске салайық, Қазақстанда жанар-жағар май бағалары 16 қазан деңгейінде бекітілген болатын. Бұл АИ-92 бензині мен дизель отынына қатысты. Сол кезде елдегі отын қорлары толық қамтамасыз етілгенін және 3–4 апта бойы тұрақты түрде жеткізілімнің мүмкін екенін атап өткен.




