"10 жылдан астам уақыт үстемдік етті": Головкинді Даңқ залына енумен құттықтаған промоутердің сөзі » DailyKz
Новости Спорта

“10 жылдан астам уақыт үстемдік етті”: Головкинді Даңқ залына енумен құттықтаған промоутердің сөзі

Геннадий Головкинмен ұзақ жылдар бойы жұмыс істеген промоутер Том Леффлер қазақстандық боксшыны Бокс Даңқ залына енгізілуімен құттықтап, әлеуметтік желіде арнайы жазба жариялады, деп хабарлайды dailykz. Ол құттықтау мәтінімен бірге архивтік фотосуреттер топтамасын да бөлісті.

Леффлер өз жазбасында Головкиннің орта салмақтағы он жылдан астам үстемдігін ерекше атап өтті:

“Геннадий Головкинді Бокс Даңқ залына енгізілуімен шын жүректен құттықтаймын. Оның орта салмақта 10 жылдан астам уақыт бойы қатарынан көш бастап келуі – бұл марапатқа толық лайық екенін дәлелдейді.

Ол – бокстың тарихындағы ең жойқын панчерлердің бірі. Осындай спорт шыңына көтерілуіне көмектесу мен үшін үлкен мәртебе”, – деп жазды промоутер.

Еске сала кетсек, 2 қазанда Халықаралық бокс Даңқ залы (IBHOF) 2026 жылғы тізімге үміткерлердің бюллетенін жариялаған еді. Үміткерлер қатарында Геннадий Головкин де болды.

Бүгін белгілі болғандай, Головкин дауыс берудің алғашқы мүмкіндігінен-ақ Даңқ залына ресми енді және бұл мәртебеге ие болған Қазақстан тарихындағы алғашқы боксшы атанды.

Related Articles

Back to top button