"Өзім үшін де, отбасым үшін де емес": Әлімханұлы титулдық жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады » DailyKz
Новости Спорта

“Өзім үшін де, отбасым үшін де емес”: Әлімханұлы титулдық жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады

Қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлы Эрисланди Ларамен өтетін титулдық шайқас қарсаңында өзінің рингке шығуға деген басты уәжін айтты, деп хабарлайды dailykz.

6 желтоқсанда — үлкен жекпе-жек

6 желтоқсан күні АҚШ-тың Сан-Антонио қаласында IBF және WBO нұсқалары бойынша чемпион белбеулерінің иегері Жәнібек Әлімханұлы мен WBA чемпионы Эрисланди Лара арасында аса маңызды айқас өтеді.

Жекпе-жек қарсаңында промоутерлік компания Top Rank Instagram парақшасында Жәнібекпен түсірілген арнайы бейнеролик жариялады.

“Мен жұдырықтасу үшін жұдырықтасамын” — Әлімханұлы

Чемпион роликте өзінің ішкі мотивациясы туралы былай деді:

“Мен өзім үшін де, отбасым үшін де емес, жұдырықтасу үшін жұдырықтасамын. Бокста көп жетістікке жеттім. Өмір бойы әуесқой бокста болып, әлем чемпионы атандым. Дүниені шарлап, талай нәрсе көрдім. Енді бүкіл әлемге өзімнің бокстасу стилімді және шын мәнінде кім екенімді көрсету уақыты келді.”

Жанкүйерлерге арнайы өтініш

Айта кетейік, бірнеше күн бұрын Жәнібек қазақстандық жанкүйерлерге үндеу жасады: ол аренаның трибуналарына қазақтың туларын алып келуді сұрады.

Related Articles

Back to top button