Әскердегі тәртіп: Бас прокурор, ІІМ басшысы және Қорғаныс министрі Тоқаевтың қатысуымен баяндама жасады

Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қарулы Күштерде, басқа әскерлер мен әскери бөлімшелерде әскери тәртіп пен құқықтық тәртіп мәселелеріне арналған кеңес өтті, деп хабарлайды dailykz Ақорданың ресми деректеріне сілтеме жасап.
Кеңес барысында Бас прокурор Берік Асылов, Ішкі істер министрі Ержан Саденов және Қорғаныс министрі Даурен Қосанов әскери тәртіпті, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және әскерде жүргізіліп жатқан тәрбиелік жұмыстар туралы қабылданып жатқан шаралар жөнінде есеп берді.
Сондай-ақ, әскерлер мен құқық қорғау органдары басшылығының құқық бұзушылықтарды алдын алу бағытындағы қызметінің әртүрлі аспектілері қаралды.
Президент тарапынан заңдылық пен құқықтық тәртіпті одан әрі қамтамасыз ету, әскерде тәрбиелік жұмысты жетілдіру, сондай-ақ әскери қызметшілердің қаза болуын және жарақат алуын алдын алу шараларының тиімділігін арттыру бойынша нақты тапсырмалар берілді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қорғаныс министрі әскерде сарбаздардың қаза болуы туралы сұраққа күлгені белгілі болды. Бұған дейін әскерде қаза тапқан қазақстандық сарбаздардың аналары Астанада митинг өткізіп, Қорғаныс министрлігінде қабылдауға қол жеткізген еді. Олар өз балаларының өліміне әділ тергеу жүргізуді және әскерде реформалар жүргізуді талап етті.




