Қытайдағы спорт басқармасының бұрынғы басшысы өлім жазасына кесілді

Қытайда дене шынықтыру және спорт істері жөніндегі мемлекеттік басқарманың экс-басшысы Гоу Чжунвэньге қатысты сот үкімі шығарылды. Ол парақорлық айыбымен өлім жазасына кесілді, деп хабарлайды dailykz Sport24 басылымына сілтеме жасап.
Қытайдың мемлекеттік БАҚ-тарына сүйенсек, өткен жылдың соңында Гоу Чжунвэнь Коммунистік партия қатарынан шығарылып, партиялық тәртіп пен заңдарды өрескел бұзғаны үшін мемлекеттік қызметтен босатылған.
Сот мәліметінше, 2009–2024 жылдар аралығында Чжунвэнь өз қызметтік өкілетін пайдалана отырып, бизнес өкілдеріне заңсыз қолдау көрсеткен, түрлі жобалардың бекітілуіне көмектескен. Көрсеткен «қызметі» үшін ол шамамен 33 миллион АҚШ доллары көлемінде пара алған.
Нәтижесінде экс-шенеунік аса ауыр қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, өлім жазасына кесілді. Алайда айыпталушының өз кінәсін мойындауы және заңсыз алынған қаржыны мемлекетке қайтаруы ескеріліп, сот шешімі жұмсартылды. Өлім жазасы екі жыл сынақ мерзімімен өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды.
Бұл істе жаза мерзімін қысқарту немесе шартты түрде мерзімінен бұрын босату қарастырылмаған.




