Қазақстандық теннисші Амир Омарханов Тунистегі турнир финалына жолдама алды » DailyKaz
Новости Спорта

Қазақстандық теннисші Амир Омарханов Тунистегі турнир финалына жолдама алды

Қазақстанның жас әрі талантты теннисшісі Амир Омарханов Тунис мемлекетінің Монастир қаласында өтіп жатқан хард корттағы халықаралық турнирдің финалына шықты. Бұл туралы dailykz тілшісі хабарлайды.

Жарыс Халықаралық теннис федерациясының (ITF) қолдауымен өтіп жатыр. Жартылай финалда Омарханов Германия спортшысы, турнирдің алтыншы ракеткасы Мика Петковичпен кездесіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті. Қазақстандық теннисші қарсыласын екі сетте 6:1, 6:2 есебімен ұтып, финалға сенімді түрде жол ашты.

Осылайша, Амир турнир барысында қатарынан төрт матч жеңіп, олардың ішінде үш бірдей сеяный спортшыны жарыс жолынан шығарды.

Финалда Омарханов титул үшін Германияның тағы бір жас таланты — жетінші нөмірлі Макс Шенхауспен бақ сынайды. Шешуші кездесу 23 қарашада өтеді деп жоспарланған.

18 жастағы Амир Омарханов бұған дейін жастар арасындағы әлемдік рейтингте жеке сында төртінші ракетка атанған. Қазіргі уақытта ол юниорлар рейтингінде 92-орында, ал ATP әлемдік рейтингінде 1115-позицияда тұр.

Related Articles

Back to top button