Новости Спорта
Қазақстандық төрт боксшы әлем чемпионатының финалына шықты

13 желтоқсанда Қазақстан құрамасының боксшылары Дубай қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы әлем чемпионатының финалдық жекпе-жектерінде шаршы алаңға шығады. Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) ұйымдастырған дүбірлі додада ел намысын төрт спортшы қорғайды, деп хабарлайды dailykz.
Финалда Қазақстан атынан:
- Сәкен Бибосынов (54 кг),
- Оразбек Асылқұлов (57 кг),
- Абылайхан Жүсіпов (71 кг),
- Сабыржан Аққалықов (75 кг) өнер көрсетеді.
Финалдық жекпе-жектер кестесі
(Астана уақытымен)
- 18:30 — 54 кг: Сәкен Бибосынов — Вячеслав Рогозин (Ресей)
- 18:45 — 57 кг: Оразбек Асылқұлов — Хусравхон Рахимов (Тәжікстан)
- 19:45 — 71 кг: Абылайхан Жүсіпов — Сергей Колденков (Ресей)
- 20:00 — 75 кг: Сабыржан Аққалықов — Исмаил Муцольгов (Ресей)
Айта кетейік, бұл финалдық кездесулер қазақстандық боксшылар үшін әлем чемпионатындағы басты сын болмақ. Жанкүйерлер төрт бірдей спортшымыздың алтын жүлде үшін күресін асыға күтуде.
Қазақстандық төрт боксшы әлем чемпионатының финалына шықты.




