Қазақстандық Софья Сподаренко – Исламиада-2025 жарысының екі дүркін чемпионы » DailyKz
Новости Спорта

Қазақстандық Софья Сподаренко – Исламиада-2025 жарысының екі дүркін чемпионы

Қазақстан ұлттық құрамасының жүзушісі Софья Сподаренко Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында екінші рет алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды dailykz тілшісі.

Екінші алтын – 100 метрлік баттерфляйде

Жарыстың бесінші күнінде Сподаренко 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзу бойынша мәреге бірінші болып келді. Қазақстандық спортшының нәтижесі — 1 минут 01,66 секунд.

Күміс медальды түркиялық Дефне Таниг (1:02.05) иеленсе, қола жүлде тағы бір түрік спортшысы Сехер Каяға бұйырды (1:02.42).

Бұған дейінгі жетістік

Айта кетейік, бұған дейін Софья Сподаренко 50 метрге баттерфляймен жүзу сайысында да чемпион атанған болатын. Осылайша ол Ислам ойындарының екі дүркін алтын жүлдегері мәртебесіне ие болды.

Сонымен қатар дәл осы қашықтықтың ерлер арасындағы жарысында алтынды қазақстандық Адильбек Мусин жеңіп алған еді.

Related Articles

Back to top button