Қазақстандағы ЖЭО құрылысына Ресей әлі де қатыса алады

«Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Мақсутов Үкіметтің брифингінде Өскемен мен Семей қалаларында жылу электр станцияларын (ЖЭО) салу жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды dailykz.
«Өскемен мен Семейдегі ЖЭО құрылысына дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оның ішінде қаржыландыру мәселесі де қарастырылуда. Қаржыландырудың әртүрлі көздері қарастырылып жатыр – өз қаражатымыз да, сондай-ақ үкіметаралық келісім аясында ресейлік тарап ұсынған қаржыландыру да мүмкін», – деді Қайрат Мақсутов.
Оның айтуынша, ресейлік тараппен қаржыландырудың соңғы шарттары талқыланып жатыр, және әлі нақты шешім қабылданған жоқ. «Иә, Ресей әлі де қатыса алады (ЖЭО құрылысына – Ред.), бірақ соңғы шешімдер әлі қабылданған жоқ», – деді вице-министр.
Қаржыландыру көзі анықталған соң әлеуетті мердігерлерді таңдау жұмыстары жүргізілетін болады. «Ресейлік тарап та, жылу станцияларын салатын халықаралық консорциумдар да қатыса алады. Премьер-министр берген тапсырма бойынша бұл мәселе осы мерзімге дейін нақты анықталады – бізде аяқтау мерзімі 2029 жылдың екінші жартысы», – деп қорытындылады Қайрат Мақсутов.
Еске салсақ, 2023 жылы Қазақстанда Ресейдің қатысуымен үш жаңа ЖЭО салу жоспарланғаны белгілі болды – Қоқшетау, Семей және Өскемен қалаларында.
Алайда, биыл мамырда премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр қаржыландыру мәселелеріндегі проблемаларды атап өткен.
Шілде айында хабарланғандай, Ресей салуы тиіс үш ЖЭО-ны Қазақстанда Қытай немесе Корея салуы мүмкін екені айтылды.




