Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында төртінші матчта драмалық жеңіліске ұшырады

Қазақстанның әйелдер гандбол құрамасы Германия мен Нидерландта өтіп жатқан 2025 жылғы әлем чемпионатында төртінші рет жеңіліс тапты, деп хабарлайды dailykz тілшісі. Бұл жолы ұлттық құрама Президент кубогындағы алғашқы кездесуін сәтсіз бастады — бұл доданың жұбаныш кезеңі ретінде өтетін мини-турнир.
II топтағы старттық ойында Қазақстан құрамасы Куба командасымен тартысты матч өткізді. Алайда шешуші сәттерде сәл қателікке бой алдырған отандастарымыз бір ғана доп айырмасымен ұтылып қалды — 28:29.
Ұлттық құраманың үздік сұрмергені атанған Ирина Хасаханова бұл матчта тоғыз дәл соққысымен көзге түсті. Ал Куба командасында шабуылды алға сүйреген Лорена Айде Теллес Дельгадо он гол салып, өз құрамасының жеңісіне үлес қосты.
Президент кубогының екінші турында 6 желтоқсанда қазақстандық гандболшылар Қытай құрамасымен кездеседі. Қытай спортшылары турнирдің алғашқы ойынында Египетті 35:32 есебімен жеңген болатын. Осыдан кейін Александр Сытько шәкірттері африкалық командаға қарсы матч өткізеді.
Группадағы қорытынды нәтиже әлем чемпионатының соңғы кезеңінде әр құраманың қай орын үшін таласатынын анықтайды.




